Түркі Академиясы мен Әзербайжан Ұлттық тарих музейі арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды
2022 жылғы 29 қарашада Баку қаласында Түркі Академиясының президенті Шаин Мустафаев Әзербайжан Мәдениет министрлігіне қарасты Әзербайжан ұлттық тарихы музейінің директоры, академик Наила Велиханлымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Түркі Академиясы мен Әзербайжан Ұлттық тарих музейі арасындағы болашақ ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ бауырлас елдердің тарихы мен мәдениетін зерттеу саласындағы бірлескен жобалар мен ғылыми іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Айта кету керек, Әзербайжан Ұлттық тарих музейі Әзербайжан тарихының барлық кезеңдерінің материалдық және рухани-мәдени ескерткіштерін жинауға, зерттеуге, көрсетуге, сондай-ақ насихаттауға арналған ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекеме болып табылады. Музей 1920 жылы 15 маусымда құрылған.