Түркі Академиясы президенті Қазақстан СІМ басшысымен кездесті
2023 жылғы 2 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының Х мерейтойлық Саммиті қарсаңында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті.
Кездесуде Академия басшысы түркі елдерінің тілі мен тарихын, мәдениеті мен рухани зерттеу мен насихаттау бағытында атқарылған қызметтер жөнінде баяндап, ғылым және білім беру әлеуетін дамыту бойынша қолға алынған жобалар туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде, министр М.Нұртілеу ұйымның атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға беріп, түркі халықтарының мәдени бірегейлігі идеясын ілгерілетудің және бауырлас елдер арасындағы ортақ жобаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, Академияның бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.