Түркі Академиясы президенті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры кездесті
Астана қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев пен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлының кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытындағы бірлескен жобаларды іске асырудың қадамдарын талқылады. Ерекше назар ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және түркі халықтарының бай мәдени мұрасын кеңінен таныстыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына аударылды.
Сондай-ақ, әңгіме барысында өзара құрмет пен серіктестікке деген ұмтылыстың белгісі ретінде тараптар бір-біріне кітаптар сыйлады. Шаһин Мұстафаев Ұлттық музейге Түркі Академиясы әзірлеген басылымдар жинағын тарту етсе, Берік Әбдіғалиұлы музей қорындағы құнды кітаптарды сыйға ұсынды.