Түркі Академиясы президенті мен TÜBİTAK басшысымен кездесуі өтті

Бүгін Анкарада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркияның Ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесінің (TÜBİTAK) төрағасы, профессор Орхан Айдынмен кездесіп, оны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Кездесу барысында тараптар осыған дейін қол жеткізілген ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ғылым, технология мен тұрақты даму салаларындағы бұрын басталған жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, 2025 жылға жоспарланған ортақ жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында ұйым басшылары өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа дайындықтарының белгісі ретінде кітаптар алмасты.

Айта кетейік, 2023 жылы Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде Түркі Академиясының қызмет аясын кеңейту туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай, Академия гуманитарлық ғылымдармен қатар, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар саласындағы ғылыми интеграцияны үйлестіру жұмыстарын қолға алды.