Түркі академиясы президентінің м.а. Анкара Хажы Байрам Вели университетінің профессоры Куршад Зорлумен кездесті

2022 жылғы 16 қыркүйекте Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушысы Физули Меджидли Анкара Хажы Байрам Вели университетінің профессоры, «Habertürk» ақпараттық порталының танымал колумнисті Күршад Зорлумен кездесті.

Кездесу барысында Ф. Меджидли К. Зорлуға Түркі академиясының жүзеге асырған жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақытта жоспарланған жобалармен таныстырды. Атап айтқанда, Академияның Моңғолияда жүргізілген қазба жұмыстары, Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары және ортақ оқулықтары cекілді жобалардың жөнінде ақпарат беріп, түркі интеграциясындағы БАҚ рөлі туралы айтты. Өз кезегінде профессор К. Зорлу Академия басшылығының жылы қабылдауына ризашылығын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстары мен игі бастамаларына сәттілік тіледі.