Түркі академиясы президентінің м.а. Ф. Меджидли түрколог, профессор С. Тәжібаеваны қабылдады
2022 жылғы 9 қыркүйекте Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Физули Меджидли түрколог, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының профессоры Сәуле Тәжібаеваны қабылдады.
Кездесу барысында түркология саласы бойынша ғылыми зерттеу және білім беру бағыттары талқыланды. Тараптар өздерінің ғылыми зерттеу жобалары мен негізгі жұмыс жоспары туралы ақпарат алмасты. Сонымен қатар, С. Тәжібаева Түркі мұражайымен және Академияның кітап қорымен танысты. Профессор С.Тәжібаева Халықаралық Түркі академиясының түркі әлемінің ғылыми интеграциясы бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, Ф. Меджидлиге арнайы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Ф. Меджили Академияға ілтипат білдіруге келген профессор С.Тәжібаеваға алғыс айтып, Түркі академиясының ғалымдардың іргелі еңбектеріне қолдау көрсететінін жеткізді.