Түркі Академиясы президенті Түркі инвестициялық қоры басшысымен кездесті
Бүгін Стамбулда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ұйым арасындағы ынтымақтастық перспективаларын және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Шаһин Мұстафаев Түркі Академиясының қызметі, оның маңызды бастамалары мен жетістіктері туралы баяндады. Сондай-ақ, түркі елдерінің экономикалық дамуы мен интеграциясы мәселелеріне арналған Академияның жыл сайынғы “Түркі экономикасы баяндамасы” жобасы кездесуге қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар, тараптар 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылап, бірқатар басым бағыттарды анықтады. Кездесу нәтижесінде түркі әлеміндегі ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми-экономикалық интеграцияны тереңдетуге бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.