Түркі Академиясы президентінің Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айтуы

Түркі Академиясы президентінің Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айтуы

Түркия Республикасының Кахраманмараш ауданы Пазаржык елді-мекені мен басқа да жерлерінде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар және зардап шеккен азаматтардың бар екені туралы хабарды терең күйзеліспен қабыл алдық. Жойқын апатта жақындарынан айырылғандардың қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз және жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Осынау қиын күндерде Түркия халқына сабыр тілейміз. Түркі академиясы түрік ағайындарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын.