Түркі Академиясына белгілі түрік тарихшысы, профессор Ильбер Ортайлы арнайы келді

2023 жылғы 15 қарашада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев белгілі түрік тарихшысы, Түрік тарих қоғамының құрметті мүшесі, халықаралық Османлы қоғамының басқарма мүшесі, профессор Ильбер Ортайланы қабылдады.

Түркі Академиясының штаб-пәтерінде өткен кездесу аясында мәртебелі мейман түркі мұражайы мен кітапханасын аралап, онда сақталған белгілі түркологтардың жеке заттары және кітап қорларымен танысты. Сонымен қатар, кездесуге Қазақстандағы Түркия елшілігінің өкілдері мен Түркі Академиясының қызметкерлері де қатысты. Кездесу барысында түркі әлемінің ғылым, мәдениет және тарихи мұраны сақтау саласындағы ғылыми ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды. Ш.Мұстафаев профессор И.Ортайлыға Түркі академиясының жұмысы және түркі әлеміндегі ғылыми интеграцияны тереңдету мен дамыту бойынша іске асырылған жобалар туралы айтып берді. Өз кезегінде Түркі Академиясына алғаш келген И. Ортайлы ұйымның атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, алдығы бастамаларына табыс тіледі. Сонымен қатар ол Академияның кітапхана қорына өзінің бірқатар кітаптарын тапсырды. Кездесу соңында Академия басшысы құрметті қонақтың арнайы сапары үшін алғыс айтып, ұйымның басып шығарған ғылыми еңбектерін табыс етті.