Түркі Академиясында Наурыз мейрамы атап өтілді
2023 жылғы 20 наурыз күні Түркі академиясында Наурыз мейрамы атап өтілді.
Мерекелік шараға Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қанат Тумыш, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чи Фан, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона, Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, Әзербайжанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Ровшан Казымов, Академия қызметкерлері, белгілі өнерпаздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Академия басшысы Ш. Мустафаев мерекелік шараға арнайы келген мәртебелі меймандарға алғысын айтып, жыл басы – әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Өз кезегінде құттықтау сөз сөйлеген дипломаттар Академияның дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан игі шарасына ризашылықтарын білдіріп, Наурыз мейрамымен орай ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік шараға қатысушыларына әрбір елшілік арнайы дайындап алып келген өздерінің ұлттық тағамдарынан тұратын дастархан ұсынылды. Сонымен қатар, қонақтар Түркі музейімен танысып, өнерпаздардың өнерін тамашалады.