Түркі Академиясының басшысы Қазақстандағы Түркия Елшілігіне барып көңіл айтты

On February 8,2023, the President of the Turkic Academy Shahin Mustafayev visited the Embassy of the Republic of Türkiye in the Republic of Kazakhstan in connection with the day of national mourning declared in Türkiye and expressed his condolences.

Бүгін, 2023 жылғы 8 ақпанда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркияда жарияланған Ұлттық аза тұту күніне байланысты Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне арнайы барып, көңіл айтты. Академия басшысы Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Екиджиге Кахраманмараш аймағында болған зілзала салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айтып, Көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Осы орайда Академия президентінің қайғылы жағдай орын алған аймақта тұрақтылық орнайтынына сенім білдіріп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Өз кезегінде Елші У. Екиджи Академия басшысының бауырлас түрік халқына білдірген көңілі үшін ризашылығын жеткізді.