Түркі Академиясының басшысы Татарстан Ғылым академиясының жаңадан сайланған президенті Р.Миннихановты құттықтады

Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Татарстан Республикасы (РФ) Ғылым академиясының президенті болып сайланған Рифкат Миннихановқа құттықтау хат жолдады.

Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Татарстан Республикасы (РФ) Ғылым академиясының президенті болып сайланған Рифкат Миннихановқа құттықтау хат жолдады.

Ш. Мұстафаев өз хатында Р.Миннихановты жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, алдағы жауапты жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Түркі Академиясының басшысы сайлау нәтижесі Татарстан Республикасы ғылыми қауымдастығы тарапынан берілген жоғары сенімнің көрсеткіші екенін атап өтті. Бұған қоса Ш. Мустафаев Татарстан Республикасының Ғылым академиясы Түркі әлемі Ғылым академиялары одағының толық мүшесі ретінде Еуразия аймағындағы ғылыми интеграцияны дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқанына тоқталды.