Түркі Академиясының басшысы Түркия Ғылым академиясының президентімен кездесті
2023 жылғы 18 қаңтарда Түркі Академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекермен кездесті.
Кездесу барысында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының (ТӘҰҒАО) аясында атқарылған жұмыстар жайын талқыланып, бірлескен жобалар мен Одақтың алдағы отырысы жөнінде пікір алмасылды. Сонымен қатар тараптар ТӘҰҒАО ынтымақтастығын арттыру жөнінде уағдаласты. Айта кету керек, Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысуға келген Академия басшысы Ш. Мустафаев бірқатар кездесулер өткізуде.