Түркі Академиясының президенті Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен кездесті.
Кездесу барысында Академия басшысы ұйымның қазіргі қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы жан-жақты баяндап, таяуда Бішкекте өткен саммит аясында Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығының сәтті аяқталуымен құттықтады.
Әлібек Бақаев 2024 жылы 11 қыркүйекте Бакуде бекітілген Ортақ түркі әліпбиі бойынша атқарылған ауқымды жұмысты жоғары бағалап, Түркі Академиясының бастамаларын қолдауға және одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ, кездесуде 2025 жылға жоспарланған жобалар мен басым бағыттардағы ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.