Түркі Академиясының президенті IICAS Ғылыми кеңесінің 27-ші сессиясына қатысты
Ыстанбұлда Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты (IICAS) Ғылыми кеңесінің 27-ші сессиясы өтті. Аталған маңызды жиынға Түркі Академиясының президенті және IICAS Ғылыми кеңесінің мүшесі Шаһин Мұстафаев, сондай-ақ түркі елдерінің ғылыми қауымдастығының өкілдері қатысты.
Жиын барысында 2024 жылға арналған өзара түсіністік туралы меморандумдарды талқылау, күн тәртібін бекіту және жаңа бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Айта кетейік, Түркі Академиясы мен IICAS арасында түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын зерттеуге және бұл бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негізделген ғылыми ынтымақтастық орнатылған болатын. Сонымен қатар, серіктестік аясында аймақтың тарихы, мәдениеті және ғылымының өзекті мәселелеріне арналған бірқатар құнды кітаптар жарық көрді.