Түркі Академиясының президенті «Мажар-Тұран» халықаралық қорының төрағасымен кездесті
2023 жылдың 5 маусым күні Будапешт қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев «Мажар-Тұран» халықаралық қорының төрағасы, антрополог Андраш Биромен кездесті.
Кездесуде Академия басшысы тамырлас мажар және түркі жұрттарының ынтымағын бекемдеудегі маңыздылығына тоқталып, түркі әлемінің ғылыми сабақтастығы мен мәдени байланыстарына арқау болған мажар ғалымдарының еңбектерін насихаттау ұйымның басым бағыттарынның бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде А. Биро Түркі Академиясының тамырлас елдердің ортақ мұраларын зерттеп, халықтардың бауырластығын арттыруда атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. Ол ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытып, алдағы уақытта бірлескен жобалар жүзеге асыруды жалғастыра беретінін жеткізді.