The President of the Academy met with the Deputy Chairman of the Hungarian National Assembly Sandor Lezsak
2023 жылдың 6 маусым күні Мажарстан сапар аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Мажарстан Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесті.
Кездесу Лакителек ауылында «Hungarikum Liget» этно-саябағында өтті. Аталған кешен мажар және түркі халықтарының терең тарихы мен мәденитін таныстыруға арналған. Бұл жерде мажар-тұран халықтарының мәдени жетістіктері көрсетілген. Тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытып, келешекте бірлескен жобалар жүзеге асыруға уағдаласты. Кездесуде Академия басшысы ұйымның Мажарстан бағытында жүзеге асып жатқан жобалармен таныстыра келіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Сөз соңында Шаин Мұстафаев вице-спикер Шандор Лежак мырзаға көрнекті мажар ақыны Шандор Петөфидің Түркі Академиясы баспаға әзірлеп шығарған “Махаббат пен бостандық” атты қазақ тіліндегі өлеңдер жинағын сыйға тартты. Өз кезегінде Шандор Лежак мырза тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын арттыруда Академия атқарып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесуден соң Академия президенті саябақта орналасқан қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының есткерткішіне гүлшоғын қойып, тағзым етті.