Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы «Мажар-Тұран» қорының техникалық директорымен кездесті
2022 жылғы 26 қыркүйекте Түркияның Бурса қаласында Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Фузули Мәжидли «Мажар-Тұран» қорының техникалық директоры Золтан Варгамен кездесті.
Екіжақты кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты. З.Варга Академия Бурса қаласында ұйымдастырған «Елтеріс Құтлық қағанның кешені және жазуы» атты фотокөрмесінің жоғары деңгейде өткенін айтты. Сонымен қатар, ол бұл жазба ескерткішті Мажарстанда да кеңінен насихаттау мақсатында іс-шара өткізуді ұсынды. Өз кезегінде Академия басшысы міндетін атқарушы бұл ұсынысы үшін ризашылығын білдіріп, Мажарстан тарапы Түркі академиясының бастамаларына белсенді қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Кездесу соңында Ф.Мәжидли Түркі академиясы шығарған ғылыми еңбектерді сыйлады. Сондай-ақ, З. Варга да бірқатар мазмұнды кітаптарын Академия кітапханасы қорына табыс етті.