Түркі Академиясының президенті Моңғолияның Қазақстандағы елшілігіне арнайы барды

2023 жылғы 15 мамыр күні Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярху Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаевты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы 13-14 маусымда Ұлан-Батор қаласында өтетін «Трансалтай тұрақты даму бойынша диалог» тақырыбындағы халықаралық форумның дайындық барысын талқылады. Бұдан бөлек, алтайтану мен түркология, сондай-ақ тарих және археология саласындағы ғылыми ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында Моңғолия Елшісі Академия басшысына Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының Төрағасы Гомбожавин Занданшатар арнай шақырту хатын табыстады.