Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды

Қарақалпақ халқының ақыны Әжинияз Қосыбайұлының 200 жылдығына арналған сапары барысында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасына ие болды. Марапатты салтанатты түрде Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Аманбай Орынбаев табыстады.

Құрмет грамотасында бұл марапат Шаһин Мұстафаевтың Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін берілгені көрсетілген. Марапаттау туралы шешім Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 2024 жылғы 13 қарашадағы қаулысына сәйкес қабылданған.