Түркі Академиясының президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Бүгін Ыстамбұлда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен кездесті.

Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және ағымдағы бастамаларды дамыту жөніндегі жоспарлар жан-жақты талқыланды.

Тараптар бұған дейін жүзеге асырылған бірлескен жобалар мен есептердің нәтижелерін талдап, алдағы Үйлестіру комитетінің отырысына дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Сондай-ақ, кездесуде 2025 жылға арналған негізгі бағыттар анықталды. Олардың қатарында бірлескен жобаларды іске асыру, басым салаларда ынтымақтастықты кеңейту және мүше елдер арасындағы байланыстарды нығайту міндеттері ерекше атап өтілді.