Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Білім және ғылым министрі Каныбек Иманалиевпен кездесті

2023 жылдың 27 наурыз күні Түркі академиясының Ғылыми кеңесінің VI отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына ресми сапармен келген Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Каныбек Иманалиевпен кездесті.

Кездесуде 28 наурызда Бішкек қаласында өтетін Ғылыми кеңестің күн тәртібі, Академияның ғылыми ынтымақтастықты ілгерілетудегі рөлі, Қырғызстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Қ. Иманалиев Ш.Мустафаевтың Түркі академиясының президенті болып тағайындалғалы бері Қырғызстанға алғашқы сапары екенін атап өтіп, жұмыс сапары нәтижелі болатынына сенім білдірді. Академия басшысы өз кезегінде Министрге қонақжай қабылдауы үшін алғыс айтып, Ғылыми кеңес отырысының сәтті өтуін тіледі.