Түркі Академиясының президенті Түркияның Жоғары оқу кеңесінің төрағасымен кездесті
2023 жылғы 28 желтоқсанда Түркі Академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Түркия Республикасы Жоғары оқу кеңесінің төрағасы Ерол Өзвармен кездесті.
Кездесу барысында ұйымдар арасында тұрақты әріптестік байланысты арттыру бойынша пікір алмасылды.
Тараптар бауырлас түркі мемлекеттеріндегі жас ғалымдардың өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талықылап, Түркі Академиясының жобаларына мамандарды тарту жөнінде сөз болды.
Ерол Өзвар Академияның бұл бастамасына қызығушылық танытып, Түркі әлемі университтері арасында тәжірибе алмасу мен байланысты нығайту жөнінде ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ол бірлесіп жұмыс істеуге дайын екен жеткізді.
Кездесу соңында Ш. Мустафаев білім беру саласындағы тәжірибесімен бөліскен Жоғары оқу кеңесінің төрағасына алғысын айтып, Түркі Академиясы жарыққа шығарған ғылыми еңбектерді сыйға тартты.
Кездесуге сонымен қатар, Түрік тілі қоғамының төрағасы, профессор Осман Мерт, Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев және Түркия Республикасы Жоғары оқу кеңесінің мүшесі, профессор Наджи Гүндоған қатысты.