Түркі Академиясының президенті ТүркПА XII пленарлық отырысына қатысты

2023 жылғы 28 сәуірде Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркия астанасы Анкарада өткен Түркі елдері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) XII пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің спикері Сахиба Гафарова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрлан Шакиев, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сурея Эр қатысты. Сондай-ақ ТМҰ жанындағы байқаушы елдер тарапынан басқосуға Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева, Түрікменстан Мәжілісінің төрағасы Дунягозел Гулманова, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежак қатысты. Сонымен қатар, кездесуге Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ТүркПА-ға мүше елдердің парламенттік делегациялары қатысты. «Әділетті әлем үшін парламенттік дипломатия: энергетика, көші-қон, азық-түлік» тақырыбында өткен биылғы ТүркПА-ның XII пленарлық отырысы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоптың құттықтау сөзімен басталды. Шара аясында ТүркПА төрағалығын Қырғызстаннан Түркияға беру рәсімі өтті. Басқосуда түркі елдері парламенттерінің спикерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары мен оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі. Академия басшысы Ш. Мұстафаев өз сөзінде ТүркПА шарасының биыл 100 жылдығын атап жатқан Түркия Республикасында өтуінің символикалық мәні бар екенін атап өтті. «Шындығында, бүгін біз сөз етіп отырған түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістерді Мұстафа Кемал Ататүрік талай жыл бұрын болжаған болатын. Сондықтан ТҮРКСОЙ, ТүркПА, ТМҰ және Түркі Академиясы сияқты интеграциялық институттар нәтижесінде Ататүрік идеяларын жүзеге асыруда. Түркі елдерінің ынтымақтастық ұйымдары деп атайтын бұл институттардың әрқайсысы өз салаларында мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзіндік үлес қосуда», – Академия басшысы. Сондай-ақ Ш. Мұстафаев ұйымдық үдерістерді тереңдету және жеделдету үшін қажет бұл институттар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Мысалы ретінде 2019 жылы Түркі Академиясы ғылыми ұйым ретінде ТүркПА-ға «Материалдық емес мәдени мұраны сақтау туралы» үлгілік заңын дайындауға қолдау көрсеткендігін атап өтті. Ш.Мұстафаев интеграциялық үдерістердің қазіргі кезеңінде түркі мемлекеттерінің алдында тұрған өзекті міндет – бауырлас елдер арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету екенін айтты. Осы орайда Түркі Академиясының ғылыми интеграцияны іске асыру тұрғысынан зор әлеуеті бары және ол өз кезегінде стратегиялық бағыттардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Шара соңында ТүркПА-ның 2024 жылға арналған XIII пленарлық отырысын Әзербайжанда өткізу туралы шешім қабылданды.