Түркі академиясының президенті TÜBİTAK басшысымен кездесті
On January 18, 2023, the President of the Turkic Academy Shahin Mustafayev met with the Head of the Turkish Scientific and Technological Research Organization (TÜBITAK) Hasan Mandal.
Кездесуде түркі әлемінде ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық орнату туралы сөз болды. Сондай-ақ түркі елдеріндегі жаратылыстану ғылымдарды дамыту жөнінде пікір алмасты. Ш. Мустафаев Академия мен TÜBİTAK арасындағы әріптестік байланыстардың маңыздылығына тоқталып, осы орайда Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының зор әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде TÜBİTAK басшысы Х. Мандал Түркі Академиясының ғылыми жобаларына қызығушылық танытанынын және осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.