Түркі академиясының президенті Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының басшысымен кездесті
2023 жылғы 27 наурызда Қырғызстандағы ресми сапары аясында Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев бастаған делегация Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті Қанатбек Абдрахматовпен кездесті.
2023 жылғы 27 наурызда Қырғызстандағы ресми сапары аясында Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев бастаған делегация Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті Қанатбек Абдрахматовпен кездесті. Кездесуде тараптар ұйымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту талқылады. Сонымен қатар 2023 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласында өтетін Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағы президиумының алдағы VI отырысының дайындық барысын пысықтады.