Түркі Академиясының президенті Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновация министрімен кездесті

2023 жылдың 6 наурызында «Жәдитшілдердің ағартушылық қызметі: идеялар, мақсаттар, міндеттер және Түркістанның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Ташкентте ресми сапармен келген Түркі академиясы президенті Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті.

2023 жылдың 6 наурызында «Жәдитшілдердің ағартушылық қызметі: идеялар, мақсаттар, міндеттер және Түркістанның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Ташкентте ресми сапармен келген Түркі академиясы президенті Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті. Кездесу барысында Ш. Мустафаев Академияның қызметі мен жүзеге асып жатқан ғылыми жобалар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ол жобаларға өзбекстандық ғалымдардың да атсалысып жатқанын атап өтіп, Өзбекстан тарапын Академияның тек бақылаушысы ғана емес, толыққанды мүшесі ретінде көргісі келетінін жеткізді. Өз кезегінде И. Абдурахмонов күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты толық қолдау көрсететінін мәлімдей келе Түркі Академиясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында Академия басшысы Министрге ұйымның өзбек әдебиеті бағыты бойынша басып шығарған еңбектерін тарту етті.