Түркі Академиясының президенті Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрімен кездесті
Бүгін Бакуде Түркі Академиясының президенті академик Шаһин Мұстафаев пен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Әділ Керимли ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталды.
Академик Шаһин Мұстафаев Түркі Академиясының 2024 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы баяндап, ғылыми зерттеулер, басылымдар және түркі әлемінің мәдени мұрасын насихаттау саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтті.
Келіссөздер барысында мәдени байланыстарды нығайту және қос тарап үшін халықаралық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды бастамалар талқыланды.