Түркі елдеріндегі жас ғалымдардың тәжірибе алмасу мүмкіндігі талқыланды
2022 жылғы 14 қыркүйекте Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Физули Меджидли Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркология департаментінің меңгерушісі, профессор Юлай Шамилоғлу мен доцент Фунда Гүвенмен кездесті.
Кездесуге сонымен қатар Түркі академиясының ғылым және сараптама бөлімдерінің қызметкерлері Тимур Козырев, Нурдин Усеев, Дінмұхаммед Әметов, Нұрболат Бөгенбаев қатысты. Тараптар ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, түбі бір түркі мемлекеттеріндегі жас ғалымдардың түркология бағыты бойынша өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Академия басшысының міндетін атқарушы Ф.Меджидли өз кезегінде Түркі академиясы алдағы уақытта ғылыми ізденушілер мен докторанттарға қолдау көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты. Профессор Ю. Шамильоғлу мұндай бастамалардың әлем университтерінің тәжірибелерінде қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мәліметтерімен бөлісті. Кездесу соңында тараптар аталған бастаманы нақты жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты.