Түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары Женевадағы конференцияда бірлік пен ілгерілеушілікке баса назар аударды
Бүгін, 23-сәуірде Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Женевадағы Түркі апталығы аясында ұйымдастырылған “Түркі ынтымақтастығы ұйымдары: Ортақ мұра, бірге тек алға” атты конференцияға қатысты.
Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қырғыз Республикасының Тұрақты өкілі Омар Сұлтанов жетекшілік еткен панельдік сессияға Академия басшысымен қатар, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Омер Кожаман және ТүркПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының хатшысы Кадир Яман қатысты.
Жиын барысында тараптар жаһандық сын-қатерлердің алдын алу, мәдени мұраны қорғау және үздіксіз даму мақсатында мәдени және академиялық ынтымақтастықты дамытудағы тұрақты ұстанымдарын білдірді.