Түркі әлемінің Академия басшылары қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті
2022 жылғы 4 маусымда Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының 6-ші отырысына қатысуға келген делегация Бішкек жанында орналасқан Ата-Бейт мемориалды кешеніне барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.
Сонымен қатар делегация көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы, түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне гүл шоқтарын қойып, рухына Құран бағыштады. Сондай-ақ, мәртебелі қонақтар кешенде орналасқан музейді аралап, қырғыз халқының интеллигенция өкілдері туралы архивтік материалдармен танысты.