Түркі мәдени мұра құрылымдары ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін растады

Түркі Академиясы 2023 жылдың 14 қазанында Шуша қаласында Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған І Түркі әлемі мәдени форумы аясында «Мемлекеттік саясат және халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды.

Түркі елдерінің мәдени мұра құрылымдарының басшылары басқосқан отырысқа Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев мен Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру мемлекеттік қызметінің басшысы Сабина Гаджиева тең төрағалық етті. Аталған іс-шара мәдени мұра құрылымдары үшін тәжірибе алмасу, пікір алмасу және түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау мен сақтау әдістемелерін әзірлеу үшін тиімді алаң болды. Қатысушылар өз елдерінің мәдени-тарихи мұраны қалпына келтіру және сақтау саласындағы тәжірибесі мен стратегияларына тоқталып, түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және наситтау, оның ішінде мәдени мұраны есепке алу мен цифрлық форматта сақтау саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, күш біріктіруге және ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Түркі Академиясы мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі бірлесіп «Түркі әлемінің мәдени бағыт-бағдары» бағдарламасын құру туралы тұжырымдамасын таныстырды. Түркі Академиясы әзірлеген бағдарламаның мақсаты мәдени мұраны сақтау, мәдениет саласындағы алыс-беріс және ынтымақтастық, сондай-ақ туризм арқылы экономикалық даму болып табылады. Мәдени мұра құрылымдарының өкілдері түркі елдерінің бай мәдени-тарихи мұрасы мен табиғи көрікті жерлерін тиімді пайдалану үшін туристік пакеттер мен мәдени маршруттардың әртүрлі түрлерін әзірлеу және ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Олар «Түркі әлемінің мәдени бағыт-бағдары» бағдарламасын құптап, оны қолдауға және осы бағытта ынтымақтасуға сенім білдірді. І Түркі әлемі мәдени форумына қатысушылар қабылдаған Шуша декларациясында Түркі әлемінің мәдени бағыттары бағдарламасын құрудың маңыздылығына тоқтап, оны бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.