Түркітанушы ғалым Рамиз Әскер дүниеден озды

Түркі Академиясының ұжымы белгілі түркітанушы, Әзербайжандық ғалым, профессор Рамиз Әскердің 70 жасында дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына, жақындарына және әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Рамиз Әскер 1954 жылы дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы Баку мемлекеттік универститетінде қызмет етіп, ғылымдағы бірнеше буын ізбасарын тәрбиелеген. Ғалымның артында қалған ғылыми еңбектері түркі әлемінің дамуына әлі де зор үлес қосары сөзсіз.