Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің білім жөніндегі кеңесшісімен кездесу өтті

2022 жылғы 8 маусымда Халықаралық Түркі академия басшылығының Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің білім жөніндегі кеңесшісі Абдулмутталип Четинмен кездесуі өтті. Кездесуге Түркі академиясы тарапынан вице-президент Физули Меджидли мен тұрақты хатшы Асхат Кесікбаев қатысты.

Кездесуде тараптар алдағы жақын арада Нұр-Cұлтан қаласында өтетін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысының дайындық жұмыстарын пысықтады. Жұмыс кездесуінен кейін Академия вице-президенті Ф. Маджидли кеңесші А. Четинге ұйымның Түркия бағыты бойынша шығарған бірқатар кітаптарын сыйға тарту етті. Айта кету керек, биылғы Ғылыми кеңестің аясында Түркі академиясы әзірлеген ортақ тарих, әдебиет және география оқулықтары талқыланып, қорытынды шешім шығады деп күтілуде.