ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының 10-шы жиыны өтті
Ағымдағы жылдың 16-мамырында бауырлас елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жетекшілері Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында бас қосты.
Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) ұйымдастыруымен өткен 10-шы басқосуға Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев қатысып, ашылу салтанатыфндағы сөзінде Академия президенті Шаһин Мұстафаевтың қатысушыларға арнайы құттықтауын жеткізді.
Бұл жолғы жиын Түрікмен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлы Фрағидың туғанына 300 жыл толуына орайластырылды.
Басқосуға Түрікменстанның сыртқы істер министрі, Түрікменстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Рашид Мередов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Бас хатшысы Мехмет Сурейя Ер, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңесінің басшысы Әмір Пирич, ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссиясының төрағасы Оджал Оғыз және өзге де дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
Аталған жиынның “Ортақ түркі мәдени мұрасы жолындағы ынтымақтастық” конвенциясына арналған панелдік отырысында сөз кезегін алған Академияның вице-президенті Асхат Кесікбаев Ғылыми интеграция ұйымы ретінде Түркі Академиясы түркі әлемінің мәдени мұраларын зерттеу жұмыстарын жалғастырылып жатқандығына тоқталды.
Сонымен қатар, Түрікменстан тарапының Түркі Академиясына бақылаушы мемлекет мәртебесін алуға ресми өтінім беруіне орай алғыс білдіріп, тиісті ресми процедуралардың басталғанын хабарлады.