«Қожалы қырғыны» құрбандары рухына құрмет көрсетілді

Бүгін, 26 ақпан күні Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған Қожалы 32 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.

Жиын бір сәттік үнсіздік жарияланып, 1992 жылы Қожалыда болған қанды оқиға құрбандарын еске алумен басталды.

Бұдан кейін Әзербайжан Республикасының гимні шырқап, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғланов сөз сөйлеп, жиынды ашты.

Елші өз сөзінде Қожалы геноциді ешқашан ұмытылмайтынын, алайда Әзербайжанның Екінші Қарабақ соғысындағы жеңісі сол қаралы күндерде зардап шеккендердің рухын көтеріп, өңірге бейбітшілік орнатқанын айтты.

Жиында сөз алған Түркі Академиясының басшысы Ш.Мұстафаев мұндай қайғылы оқиғалардың адамзат өмірінде қайталанбауы маңызды екенін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар «Қожалы қырғыны» кезінде түсірілген тарихи фотосуреттер қойылған көрмені аралап көрді.