Қырғызстанда тілдерді оқытудағы цифрлық трансформация тақырыбында конференция ұйымдастырылды
Ош мемлекеттік педагогикалық университетінде Түркі Академиясының қолдауымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі тілдерді оқытудың цифрлық трансформациясы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.
Халықаралық шараға Қазақстан, Түркия, Өзбекстаннан келген ғалымдар, оқытушылар, студенттер және білім беру саласындағы заманауи технологияларды меңгерген педагогтар қатысты.
Конференцияның мақсаты – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуына байланысты түркі тілдерін оқытудың өзекті мәселелерін талқылау болды.
Пленарлық отырыстарда, тематикалық секцияларда және шеберлік сыныптарында цифрлық лингвистиканың білім беру үдерісіндегі қолданылуы мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызына ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысында өзара ынтымақтастыққа негізделген нәтижелер мен келісімдер туралы резолюция қабылданды.
Іс-шара түркі тілдері мен мәдениеті бойынша зерттеулерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге, сонымен қатар білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды қадам болды.