Қырғызстандағы қаралы күнге байланысты Түркі академиясында тулар төмен түсірілді

2022 жылғы 19 қыркүйекте Қырғыз Республикасында Президент Садыр Жапаровтың Жарлығымен қаралы күн болып жарияланды.

Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сонымен қатар шет елдердегі дипломатиялық және консульдық мекемелерде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Осыған байланысты Халықаралық Түркі академиясына мүше және бақылаушы мемлекеттердің тулары төмен түсірілді.