Ыстанбұл қаласында Академия басшысы ТМҰ Бас хатшысымен кездесті
2023 жылғы 19 қаңтарда Ыстанбұл қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен кездесті.
Кездесуде тараптар жалпы күн тәртібіндегі мәселелерді, атап айтқанда бауырлас елдер арасындағы ғылым және білім саласы бойынша интеграцияны тереңдету жолдарын талқылады. Ізетттілік жүздесу барысында Академия басшысы мен Бас хатшы 2023 жылғы 20 қаңтарда жоспарланған ТМҰ Үйлестіру кеңесінің 3-ші отырысына қатысты пікір алмасты.