Өзара ынтымақтастық бағыттары талқылады

27 наурыз күні Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түрікменстанға іс-сапары барысында Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммед Аманнепесовпен кездесті.

Тараптар Түркі Академиясы және Түрікменстан арасында ғылым, білім және Академияның мақсаттары шеңберінде басқа да салаларда ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Шаһин Мұстафаев Анау қаласының Түркі әлемінің 2024 жылғы мәдени астанасы атануымен және Түрікменстанның халық ақыны Мақтымқұлы Фрағидің туғанына 300 жыл толуымен құттықтап, қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.