Әзербайжан Халықаралық қатынастарды талдау орталығының делегациясы Түркі академиясына келді
2022 жылдың 20 тамызында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжандағы Халықаралық қатынастарды талдау орталығының басқарма төрағасы Фарид Шафиевпен кездесті. Сонымен қатар кездесуге Академия вице-президенті Физули Маджидли мен аға сарапшы Тимур Козырев қатысты.
Фарид Шафиев бастаған делегация Академияның жаңа ғимаратына арнайы келіп, ұйымның жұмысымен танысып, Түркі музейі мен кітапханасын аралап көрді. Екі жақты кездесу барысында Түркі академиясы мен Халықаралық қатынастарды талдау орталығы арасында тұрақты әріптестік байланыс орнату мәселелері талқыланды. Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ұйымның мақсаты мен қызметі жөнінде мәлімет беріп, БҰҰ, ЮНЕСКО және ИСЕСКО сияқты іргелі халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізген іс-шаралар туралы айтты. Сондай-ақ Д. Қыдырәлі Академия жүргізген “Түркбарометр” әлеуметтік зерттеу жобасына және түркі әлемінің іргелі аналитикалық орталықтарымен байланыстарына тоқталды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқавтың Әзербайжанға жоспарланған іссапары жөнінде пікір алмасып, бұл сапардың бауылыс екі елмен қатар, тұтас Түркі әлемнің үшін де маңызы зор екенін атап өтті. Өз кезегінде Фарид Шафиев Халықаралық Түркі академиясының туысқан елдер арасындағы ғылыми интеграцияны нығайту бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Ол биыл Түркі мемлекеттерінің білім саласына жауапты министрлері мақұлданған түркі дүниесіне ортақ оқулықтар туралы пікірімен бөлісіп, оның маңызды қадам екеніне тоқталды. Сондай-ақ, мәртебелі мейман Халықаралық қатынастарды талдау орталығының Түркі академиясымен тығыз ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін мәлімдеді. Кездесу соңында ұйым басшысы Дархан Қыдырәлі Академияға арнай келген Орталық төрағасы Фарид Шафиевке ризашылығын білдіріп, академия басып шығарған бағалы басылымдарын сыйға тартты.