Әзербайжан Республикасында Еске алу күні
Бүгін, 27 қыркүйек — Әзербайжан Республикасында Еске алу күні.
Президент Ильхам Әлиевтің Жарлығымен жыл сайын бұл күн Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында арнайы аталып өтіліп келеді. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Әзербайжан Республикасының 44 күнге созылған ел іргесінің бүтіндігі жолындағы сұрапыл соғыста жанқиярлықпен шайқасқан және елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігі үшін жанын пида еткен перзенттердің рухына тағзым етіп, құрметпен еске алады. Біздің бейбітшілік сүйгіш бауырлас халықтарымыздың аспаны ашық, іргесі берік болсын!