Әзербайжандық тарихшы-шығыстанушы Шахин Фарзалиев дүниеден өтті
Түркі Академиясы көрнекті әзербайжандық тарихшы-шығыстанушы, ақын, аудармашы, сонымен қатар Әзербайжанның және Таяу Шығыстың ортағасырлық тарихын зерттеуші Шаһин Фазил оғлы Фарзалиевтің отбасы мен жақындарына, сондай-ақ Әзербайжанның бүкіл ғылыми қауымының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Шаһин Фарзалиев танымал ғалым ғана емес, бірнеше буын зерттеушілерді тәрбиелеген кемеңгер тәлімгер бола білді. Оның ғылыми еңбектері мен аудармалары түркі әлемінің мәдени мұрасын байытып, тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосты.
Шаһин Фазил оғлы саналы ғұмырын Әзербайжанның бай тарихи мұрасын сақтауға және арттыруға арнаған өз заманының көрнекті тарихшыларының бірі ретінде есте қалады.
Марқұмның топырағы торқа болсын!