Жаңа энергетикалық технологияларға арналған жазғы мектепке қабылдау жарияланады
Түркі Академиясы Түркия Ғылым академиясының (TÜBA) және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен 2024 жылдың 18-25 тамызы аралығында Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін Жаңа энергетикалық технологияларға арналған жазғы мектеп ұйымдастырады. Оқу бағдарламасы дәстүрлі және заманауи тәсілдерді қамтитын түрлі энергетикалық технологияларды зерттеуге және талқылауға бағытталған.
Оқу барысында талқыланатын тақырыптар:
- Термодинамиканың негізгі принциптері мен түсініктері
- Дәстүрлі энергия көздері
- Ядролық энергетика
- Жаңартылатын энергия көздері
- Сутегі энергетикасы технологиялары
- Қалдықтарды энергияға айналдыру
- Энергетиканың экономикалық және әлеуметтік аспектілері
- Ақылды желілер
- Энергетикалық саясат және стратегиялар
- Энергетиканың экологиялық және тұрақты аспектілері
Бағдарлама құрылымы: Жазғы мектеп бес күн бойы күнделікті түске дейінгі және кешкі сабақтардан, сондай-ақ қоғамдық шаралардан құралады. Барлық курстар ағылшын тілінде өтеді.
Лекторлар: Дәрістерді түркі мемлекеттерінің танымал ғалымдары оқиды. Бекітілген бағдарлама өтінімдерді бағалау аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға жіберіледі.
Қатысушылар: Бағдарлама Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Македония, Косово, Албания, Иордания, Черногория, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан келген 35 жасқа дейінгі қатысушыларға арналған. Жазғы мектеп энергетика саласында тәжірибесі мен қызығушылығы бар докторанттар мен пост докторанттарға арналған. Қатысушылар саны 30 ға дейін шетеулі. Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Шығындар: Өтініштер қарастырылғаннан кейін бағдарламаға қабылданған 30 қатысушыға толық шәкіртақы ұсынылады. Ұйымдастырушылар жол жүру және орналасу шығындарын көтереді. Әрбір қатысушы әуе билеттерін сатып алмас бұрын өзінің медициналық сақтандыруын өтеуі қажет. Әуе билеті тегін беріледі, алайда қатысушы оқуға келмеген жағдайда билет құнын қайтаруы тиіс болады.
Өтінімдер мен қосымша сұрақтар бойынша: Өтінімдерді электронды түрде summerschool@tuba.gov.tr мекенжайына жіберу керек.
Өтінімдерге қоса берілуі керек құжаттар:
- толтырылған өтінім формасы
- паспорттың көшірмесі (суреті бар беті)
- соңғы алған дипломының көшірмесі (немесе студент мәртебесі туралы анықтама)
- Мотивациялық хат (250-300 сөз)
- Ұсыным хатты қатысушы елдің Ғылым академиясынан, Түркі академиясынан, Түркия Ғылым академиясынан немесе Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушыларынан алуға болады.
Өтінімдер 2024 жылдың 5 шілдесіне дейін қабылданады. Қосымша сұрақтарды summerschool@tuba.gov.tr электронды поштасына жіберуге болады.
Бірегей білім шарасының бір бөлігі болу және болашақтың энергетикалық технологияларын дамытуға үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!