Жас ғалымдарға арналған жазғы мектеп бойынша ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды
Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Бакуге іс-сапары барысында Түрік тілі қоғамының басшысы Осман Мерт және Түркия Ғылым академиясының (TÜBA) президенті Мұзаффер Шекермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар биыл Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетімен бірлесіп ұйымдастырылатын жазғы мектеп бағдарламасы бойынша ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.
Түркі Академиясы жыл сайын ұйымдастыратын жазғы мектеп оқуларының мақсаты — Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер мен өзге де бауырлас халықтардың жас ғалымдарына қолдау қөрсету болып табылады.