Жазғы түркітану мектебіне қабылдау жарияланады

Түркі академиясы Түркия Ғылым академиясы (TÜBA), Түрік тіл қоғамы (TDK) және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен 2024 жылдың 18-25 тамызы аралығында Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін Түркітану Жазғы мектебін ұйымдастырады.

Жазғы мектеп түркі халықтарының тарихын, археологиясын, тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуға бағытталған. Мектеп бағдарламасына түркітану саласында қызмет ететін жас ғалымдар мен зерттеушілерге арналған теориялық және практикалық сабақтар енгізілген. Жазғы мектеп қатысушылары білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасып, өзара кәсіби байланыс орната алады.

Жазғы мектепте өтетін негізгі тақырыптар:

  • Түркі әлемі туралы түсінік
  • Түркі мемлекеттерінің тарихы
  • Түркі халықтарының археологиясы
  • Түркі халықтарының өнері мен ой тарихы
  • Түркі тілдері және олардың қазіргі ерекшеліктері

Бағдарламада 2023 жылы ЮНЕСКО-ның 42-ші Бас конференциясында талқыланған маңызды оқиға - Диуан лұғати-ат-түрктің жазылуының 950 жылдығына ерекше назар аударылады.

Лекторлар: Дәрістерді түркі мемлекеттерінің танымал ғалымдары оқиды. Бекітілген бағдарлама өтінімдерді бағалау аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға жіберіледі.

Қатысушылар: Бағдарлама Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Македония, Косово, Албания, Иордания, Черногория, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан келген 35 жасқа дейінгі қатысушыларға арналған. Жазғы мектеп энергетика саласында тәжірибесі мен қызығушылығы бар докторанттар мен пост докторанттарға арналған. Қатысушылар саны 30 ға дейін шетеулі. Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Шығындар: Өтініштер қарастырылғаннан кейін бағдарламаға қабылданған 30 қатысушыға толық шәкіртақы ұсынылады. Ұйымдастырушылар жол жүру және орналасу шығындарын көтереді. Әрбір қатысушы әуе билеттерін сатып алмас бұрын өзінің медициналық сақтандыруын өтеуі қажет. Әуе билеті тегін беріледі, алайда қатысушы оқуға келмеген жағдайда билет құнын қайтаруы тиіс болады.

Өтінімдер мен қосымша сұрақтар бойынша: Өтінімдерді электронды түрде summerschool@tuba.gov.tr ​​мекенжайына жіберу керек.

Өтінімдерге қоса берілуі керек құжаттар:

  • толтырылған өтінім формасы
  • паспорттың көшірмесі (суреті бар беті)
  • соңғы алған дипломының көшірмесі (немесе студент мәртебесі туралы анықтама)
  • Мотивациялық хат (250-300 сөз)
  • Ұсыным хатты қатысушы елдің Ғылым академиясынан, Түркі академиясынан, Түркия Ғылым академиясынан немесе - Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушыларынан алуға болады.

Бірегей танымдық шараның қатысушысы атанып, түркітану ғылымының дамуына үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!