Жусуп Абдрахмановты ұлықтаған іс-шара өттіБүгін, ағымдағы жылдың 17 - сәуірінде Түркі Академиясында Қырғыз Республикасының ХХ ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері Жусуп Абдрахмановқа арналған “Жусуп Абдрахмановтың қайраткерлік іздері және бауырластық ба

Бүгін, ағымдағы жылдың 17 - сәуірінде Түркі Академиясында Қырғыз Республикасының ХХ ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері Жусуп Абдрахмановқа арналған “Жусуп Абдрахмановтың қайраткерлік іздері және бауырластық байланыстар” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Басқосуға Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Aрслан Койчиев, Назарбаев университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі Юлай Шамилоғлу, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Амантай Шәріп және Жанат Аймұхамбет қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Жусуп Абдрахмановтың жарқын бейнесі мен өнегелі өмірі түркі халықтарының бауырластығы мен ажырамас тарихи тамырластығының жарқын көрінісі боп табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушы ғалымдар өткен ғасырдағы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің түркі әлеміне қосқан зор үлесін ескере отырып, оның тар жол тайғақ кешуге толы өмір жолы мен атқарған қызметін талдады.

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев қырғыз және қазақ елдері арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге осындай іс-шаралар арқылы ықпал етіп келе жатқан Түркі Академиясына және барша қатысушы ғалымдарға алғысын білдірді.